Тараз қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өтті.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде өткен жиынға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова, Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Әсет Оспанов, Тараз қаласы Полиция басқармасы басшысының орынбасары Ержан Есеев, сондай-ақ ата-аналар комитетінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында облыста кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алған қылмыстар мен олардың алдын алу шаралары талқыланды. Қала әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекқызы жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік пен буллингтің алдын алу, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар қатысушыларға тақырыптық бейнематериал көрсетіліп, бопсалау, буллинг және өзге де құқық бұзушылықтар үшін заң алдындағы жауапкершілік түсіндірілді.
Жиын қорытындысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – полиция, білім беру ұйымдары, ата-аналар мен қоғамның ортақ міндеті екені атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









