Таразда діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің отырысы өтті

    1 / 3

    Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Ұ. Сламбекованың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті.

    Жиын барысында Тараз қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы А. Бердібаев қала мектептерінде оқушылардың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизмнің алдын алу және жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

    Сонымен қатар Кеңес отырысында 2027 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы талқыланып, алдағы кезеңнің басым бағыттары қарастырылды.

    Отырыс қорытындысы бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде міндеттер жүктелді.

    Басты мақсат – жастардың діни сауаттылығын арттыру, қоғамда тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Тараз қаласының әкімдігі" жаңалықтары