Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер кезегі, кәсіпкерлік мақсатта жер учаскесін алу, жерді жалға беру мерзімін ұзарту және құрылыс жобасын қолдау мәселелерін көтерді.
Сонымен қатар тұрғындар Жалпақтөбе көшесіне тротуар салу, аяқталмаған жол жөндеу жұмыстарын жүргізу, арық жүйесін орнату, орталық кәріз желісіне қосылу, көшелерді жарықтандыру және абаттандыру бойынша өтініштерін жеткізді.
Бұдан бөлек, ағаштарды кесу, санитарлық бұтау, құрылыс қалдықтарын уақытылы шығару, қоғамдық аумақтардың тазалығын сақтау, балалар ойын алаңшаларын жөндеу және заңсыз сауда мәселелері де назарға алынды.
Сондай-ақ «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің жалақы, зейнетақы жарналары мен мердігер алдындағы берешегіне қатысты мәселелер қозғалды. Әлеуметтік көмек алу және тұрғын үй кезегіне қатысты сауалдар да қаралды.
Қала әкімі әрбір өтінішті жеке тыңдап, жауапты бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді зерделеп, заң аясында шешу жөнінде тиісті тапсырмалар берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









