Балада дене қызуының көтерілуі, жөтел, мұрыннан су ағу, тамақтың ауыруы және жалпы әлсіздік байқалған жағдайда медициналық көмекке уақытылы жүгіну маңызды.
Қайда жүгіну керек?
- Тіркелген емханаға.Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде учаскелік педиатрға немесе сүзгі кабинетіне жүгініңіз. ЖРВИ белгілері бар пациенттерді қабылдау алдын ала жазылусыз жүргізіледі.
- Дәрігерді үйге шақыру.Егер баланың жағдайы нашар болып, емханаға баруға мүмкіндігі болмаса, дәрігерді үйге шақыру үшін тіркеу бөліміне немесе учаскелік дәрігерге хабарласыңыз.
- 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру.Тыныс алудың қиындауы, құрысу, есінен тану, айқын әлсіздік, еріннің көгеруі немесе жағдайының күрт нашарлауы байқалған жағдайда жедел жәрдемді дереу шақыру қажет.
Дәрігер қарағанға дейін ата-аналар не істеуі керек?
- Баланың тынығуын қамтамасыз ету.
- Сұйықтықты аз мөлшерде, бірақ жиі беру.
- Бөлмені үнемі желдетіп тұру.
- Дене қызуы мен тыныс алуын бақылау.
- Дәрігердің тағайындауынсыз антибиотиктер мен вирусқа қарсы препараттарды бермеу.
Маңызды! Өздігінен емделмеңіз. ЖРВИ-дің әрбір жағдайы ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Госпитализациялау туралы шешімді дәрігер баланы қарап, жағдайын бағалағаннан кейін қабылдайды.
Басты қағида: алғашқы белгілер байқалғанда – педиатрға, қауіпті белгілер болғанда – 103 нөміріне хабарласыңыз!
Сондай-ақ Алматы қаласында медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша 1312 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







