Алматы қаласының №11 қалалық емханасында «Амбулаториялық деңгейде антибиотиктерді ұтымды қолдану» тақырыбында конференция өтті.
Спикер ретінде С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, профессор, Алматы қаласының бас штаттан тыс клиникалық фармакологы Бибихан Абдалиевна Ералиева сөз сөйледі.
Конференция барысында антибиотиктерді тағайындаудың негізділігі, клиникалық хаттамаларды сақтау, антибиотикотерапияны ұтымды қолдану қағидаттары және антимикробтық резистенттіліктің алдын алу мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Алматы қаласының алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының түрлі мамандықтағы дәрігерлері, оның ішінде №11, №21 емханалардың, «Кулагер» БМСК орталығының және Жетісу ауданының медициналық ұйымдарының мамандары қатысты.
Конференция медициналық қызметкерлердің тәжірибе алмасуына және бактерияға қарсы препараттарды жауапкершілікпен қолдану мәселелері бойынша кәсіби білімдерін жетілдіруге мүмкіндік берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







