Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану, орнату және насихаттау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Бүгін Тараз қаласында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану, орнату және насихаттау мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Ж. Сарыпбеков пен Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Г. Ешкібаева мемлекеттік рәміздерді пайдалану, орналастыру және насихаттау тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға қалалық басқармаларға қарасты денсаулық сақтау, білім, спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және тілдерді дамыту салаларының мекемелері, құқық қорғау органдары, әскери басқармалар мен бөлімдер, жоғары және арнаулы орта оқу орындары, мектептер мен бөбекжай-бақшалар, қалалық мекемелер мен кітапханалардың жауапты қызметкерлері қатысты.
Семинар-кеңестің негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерді қолдану кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру тәртібін түсіндіру және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









