Таразда «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

    1 / 6

    Тараздағы Орталық алаңда «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

    Іс-шара аясында қалалық жедел әрекет ету жасағының күштері мен құралдарының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындығы тексерілді.

    Қала әкімінің орынбасары Дамир Жаманбаевтың қатысуымен өткен жаттығу барысында арнайы техникалар мен жеке құрамның саптық байқауы ұйымдастырылып, қыс мезгілінде болуы ықтимал төтенше жағдайларды жою кезінде шұғыл және коммуналдық қызметтердің практикалық іс-қимылдары пысықталды.

    Бұл оқу-жаттығуының басты мақсаты – қысқы кезеңде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жоюға жұмылдырылатын күштер мен құралдардың дайындығын тексеру.

    Қыс мезгілінде қарлы боран, көктайғақ, қатты жел, аяз секілді табиғи құбылыстардың салдарынан түрлі қиындықтар туындауы мүмкін. Осыған байланысты арнайы техникалардың жарамдылығын, жеке құрамның әзірлігін, қызметтердің өзара іс-қимылын алдын ала пысықтау аса маңызды. Бүгінгі оқу-жаттығу барысында 82 техника мен 112 жеке құрамның дайындығы тексерілді.

    Оқу-жаттығу одан әрі Тараз қаласындағы №1 қазандықта жалғасып, жиынның практикалық кезеңі өткізілді. Бұл кезеңде негізгі назар қызметтердің өзара іс-қимылына, жедел әрекет етуге, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге және қысқы кезеңде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Тараз қаласының әкімдігі" жаңалықтары