«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ кәсіпкерлік субъектілерін, жеке және заңды тұлғаларды «Эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары тамақтану объектілеріне рұқсат беру құжаттарын алу тәртібі» тақырыбында өтетін Ашық есік күніне қатысуға шақырады.
Өткізілетін күні: 2026 жылғы 27 қараша
Уақыты: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін
Өткізілетін орны: Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 113-үй, 406-кабинет.
Іс-шара барысында қатысушылар рұқсат беру құжаттарын ресімдеу және алу мәселелері бойынша түсініктемелер алып, санитариялық-эпидемиологиялық заңнаманың қолданыстағы талаптарымен таныса алады, сондай-ақ Департамент мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.
Барлық мүдделі тұлғаларды іс-шараға қатысуға шақырамыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









