Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

    Департамент туралы

    «Қазақстан Республикасы Денсаулық сактау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау салаларында басшылықты жүзеге асыратын, құзыретінің шегінде облыс аумағында реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Меркеменен құттықтады

    Департамент қызметкерлері Қарттар күнімен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагер әріптестерін құттықтады.

    1 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Брифингке қатысты

    Департамент басшысының орынбасары Досумова Г.К. брифингке қатысты. БАҚ өкілдеріне эпидмаусымға дайындық туралы айтып берді.

    8 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қостанай облысында жұқпалы емес аурулардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізу туралы

    Облыстық әкімдікте Қостанай облысы әкімінің өкімімен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастамасымен құрылған мектеп оқушылары арасында жұқпалы емес аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырысты облыс әкімінің орынбасары Е.К.Тасжүрековтың төрағалығымен, мүдделі мемлекеттік органдар мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен өтті. Жұқпалы емес аурулар Қазақстан халқының сырқаттанушылық пен өлім-жітім құрылымында жетекші орындардың бірін алады. Оларға жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, тыныс алу мүшелерінің аурулары, онкологиялық аурулар және басқа да созылмалы патологиялар жатады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, инфекциялық емес аурулардың үлесіне елдегі барлық өлім жағдайларының 80%-дан астамы тиесілі. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында сырқаттанушылықтың артуы алаңдатарлық жағдай болып отыр. Қостанай облысында соңғы 5 жылдағы медициналық статистиканы талдау нәтижелері бойынша балалар мен жасөспірімдер арасында семіздік, гиподинамия, зат алмасу бұзылыстары және жұқпалы емес аурулардың басқа да қауіп факторлары белгілері анықталатын жағдайлардың өскені байқалады. Отырыс барысында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері де қаралды, профилактикалық шаралар әзірленіп, мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

    29 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Брифинге қатысты

    Басшының орынбасары Г . К . Досумова АПВ профилактикасы : вакцинацияның жаңа жас тобы тақырыбындағы брифингке қатысты .

    3 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Брифинге қатысты

    Басшының орынбасары Қостанай облысындағы жазғы туристік маусымға дайындыққа арналған брифингке қатысты .

    3 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ашық есік күнің өткізді

    Департамент мамандары «Ашық есік күнің» өткізді. Іс-шара барысында келушілер балалардың сауықтыру нысандарына қойылатын санитариялық талаптармен таныстырылды. Негізінен түскен сұрақтар жазғы сауықтыру лагерлерінің қызметіне қойылатын талаптар, нысандардың рұқсат құжаттарының болуы, медициналық қамтамасыз ету, сондай-ақ балаларды жазғы лагерьге жіберу кезінде медициналық құжаттарды рәсімдеу мәселелеріне қатысты болды. Шара аясында барлық өтініш білдірушілерге қойылған сұрақтар бойынша толық әрі жан-жақты түсініктемелер берілді.

    19 мамыр 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Егер бітімгершілік келісімді жасасу шарттары орындалмаса, одан әрі қандай шаралар қолдану қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Азаматтық рәсімдік-процестік кодексінің 178 -бабына сәйкес-бітімгершілік келісімді оны жасасқан адамдар осы к елісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде өз еркімен орындайды. Егер бітімгершілік келісім өз еркімен орындалмаған жағдайда , онда ол бітімгершілік келісімді жасасқан адамның өтініші бойынша сот беретін атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындауға жатады. Осылайша, талапкер кейіннен сот орындаушысына берілетін атқару парағын беру үшін сотқа жүгінеді. Өз кезегінде сот орындаушысы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттың атқару парағын пысықтайды.

    ·
    Сұрақ

    Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары қандай тексерулер жүргізеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабының негізінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары тексерудің мынадай түрлерін жүзеге асырады: 1) б ерілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген хабарламалар бойынша талаптар сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер (бұдан әрі - талаптарға сәйкестігін тексеру); 2) жоспардан тыс тексерулер.

    ·
    Сұрақ

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы шағымды қарау мерзімі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 99-бабына сәйкес-шағымды қарау мерзімі ұзарту құқығынсыз шағым түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.

    ·
    Сұрақ

    Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органында әкімшілік жазалардың қандай түрлері қарастырылған?

    Жауап

    "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Қазақстан Республикасы Кодексінің 41-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазалардың негізгі түрлері: ескерту, әкімшілік айыппұл салу, қызметті тоқтата тұру немесе тыйым салу болып табылады.

    ·
    Сұрақ

    Адам халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қандай мерзім ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін?

    Жауап

    "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 62 - бабының 1-тармағына сәйкес-осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі ай өткен соң әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

    ·
    Сұрақ

    Қорқорға арналған темекіні және қорқор қоспасын тұтынуға қандай шектеулері бар екен?

    Жауап

    Біріншіден, қорқорға арналған темекіні және қорқор қоспасын тұтынуға қойылған шектеулер, халық денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар, екіншіден, ондайды тұтынудан пайда болатын тәуелділікті болдыртпауын көздейтін профилактикалық және алдын алу іс-қимылдары ретінде танылады. Құқықтық деңгейде қорқорға арналған темекіні және қорқор қоспасын тұтынуға қойылған шектеулермен алдын алу шаралары Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі 110 бабында бекітілген, бұнда көзделген бірқатар талаптар мынадай. Қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын: - жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға; - он сегіз жасқа дейінгі адамдардың сатуына; - денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылысжайлардың, стадиондардың ғимараттары мен аумақтарында сатуға тыйым салынады. Бұдан әрі, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын сатуды жүзеге асыратын адамдар сатып алушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда: - жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуге; - егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмесе қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын сатудан бас тартуға міндетті. Осымен қоса, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын: - білім беру ұйымдарының үй-жайлары мен аумағында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың демалуына арналған ұйымдарда; - денсаулық сақтау ұйымдарының үй-жайларында; - мәдениет объектілерінде, музейлерде, кітапханаларда және лекторийлерда, кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ұйымдары мен дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да құрылысжайларда; - мемлекеттік органдар мен ұйымдарда; - балалар алаңдарында тұтынуға тыйым салынады. Кәмелетке толмаған адамдармен қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын тұтынуға тыйым салынады.

    ·
    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат)

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың қыркүйек айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық ақпарат

    Жарияланды:
    Кесте

    Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін 2026 ж. ІV - тоқсанда жеке қабылдау кестесі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Информация о результатах проведения расследования (Костанайский район)

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (Қостанай ауданы)

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеу жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (Қостанай ауданы)

    Жарияланды: