1.Тергеп-тексеруді жүргізу негіздемесі – бақылау мақсатында сатып алу қорытындылары бойынша өнімге жүргізілген зерттеу нәтижелері: 2026 жылғы 23 қазандағы № 2260001029254787 тамақ өнімдері үлгілерін зерттеу хаттамасы – «АЛЬПЕН ГОЛЬД» сүтті шоколады таңбалау талаптарына сәйкес келмейді; 2026 жылғы 19 қарашадағы № 23 Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт.
2. Тергеп-тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органы – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Федоров аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім)- талап етілмейді.
4. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 12 қарашадан 2026 жылғы 19 қарашаға дейін.
5. Өзіне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар - жеке кәсіпкер, дүкен, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоровка ауылы.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты - бұзушылықтар анықталған жоқ.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар- анықталған жоқ.
8. Қабылданған шаралар-қолданылған жоқ.