Тағам өнімдеріндегі қант: жапсырмадағы ақпаратты неге оқу маңызды?

    Көптеген адамдар қант тек кәмпиттерде, торттарда және тәтті сусындарда болады деп ойлайды. Алайда қант күнделікті тұтынатын әдеттегі тағамдардың құрамында да кездеседі. Мысалы, йогурттарда, кетчупта, тұздықтарда, таңғы асқа арналған құрғақ өнімдерде, нан мен дайын тағамдарда болуы мүмкін.

    Құрамында қант мөлшері жоғары өнімдерді жиі тұтыну артық салмақ қосуға, 2-типті қант диабетінің даму қаупінің артуына, жүрек-қантамыр ауруларына және тіс ауруларына әкелуі мүмкін.

    Өнімнің құрамында қант бар екенін қалай анықтауға болады?

    Сатып алмас бұрын өнімнің қаптамасында көрсетілген құрамына назар аудару қажет. Қант әртүрлі атаулармен көрсетілуі мүмкін: глюкоза, фруктоза, сахароза, декстроза, глюкоза шәрбатыжәнежүгері шәрбаты.

    Өнім құрамы олардың массасына қарай, яғни ең көп мөлшерден ең аз мөлшерге дейін ретімен жазылады. Сондықтан қант немесе оның түрлері тізімнің бас жағына неғұрлым жақын орналасса, өнімдегі мөлшері соғұрлым көп болуы мүмкін.

    Қандай өнімдерде жасырын қант көп болады?

    Төмендегі өнімдерді таңдағанда ерекше мұқият болған жөн:

    • тәтті газдалған сусындар мен қаптамадағы шырындар;
    • жеміс қосылған йогурттар мен сүзбеден жасалған тәтті десерттер;
    • таңғы асқа арналған құрғақ өнімдер мен мюсли;
    • кетчуптар мен дайын тұздықтар;
    • печенье, вафли, кәмпиттер және басқа да тәттілер;
    • энергетикалық сусындар.

    Қаптамадағы қандай жазуларға назар аудару керек?

    Қаптамадағы жазулар өнімнің пайдалы екенін әрдайым білдіре бермейді. Мысалы:

    • Қант қосылмаған»-өнімді өндіру барысында оған қант қосылмағанын білдіреді. Алайда оның құрамында табиғи қанттар болуы мүмкін.
    • Қантсыз»-өнімдегі қант мөлшері қолданыстағы заңнамада белгіленген шекті деңгейден аспайтынын білдіреді.
    • Құрамында тәттілендіргіш бар»-өнімге тәтті дәм беру үшін қанттың орнына тәттілендіргіш қолданылғанын білдіреді.

    Сондай-ақ «табиғи», «фитнес», «диеталық» деген жазуларға ғана сүйенуге болмайды. Өнімнің құрамын және тағамдық құндылығын әрдайым мұқият тексерген дұрыс.

    Тағам рационындағы қант мөлшерін қалай азайтуға болады?

    Тәтті сусындарды тұтынуды азайту, қарапайым ауыз суды таңдаңдау, құрамындақант жоқ табиғи өнімдерді таңдау қажет. Шай мен кофеге қосатын қант мөлшерін де біртіндеп азайтукерек.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бос қанттарды тұтыну мөлшерін тәуліктік жалпы калорияның 10%-ынан төмен шектеуді ұсынады. Ал денсаулыққа қосымша пайда алу үшін бұл көрсеткішті 5%-дан төмен деңгейге дейін азайту ұсынылады. Тәуліктік тамақтану рационы 2000 килокалория болған жағдайда, бұл шамамен күніне 25 грамм бос қантқа сәйкес келеді.

    Дұрыс тамақтану саналы таңдау жасаудан басталады. Қант тұтынуды шектеп, сатып алатын өнімдеріңіздің құрамына назар аударужәне жақындарыңызды пайдалы тамақтану әдеттер қалыптастыруға тырысуымыз қажет.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары