1 / 4
Республика күніне орай Тараз қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Салтанатты шара алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімімен басталып, Мемлекеттік Әнұран орындалды.
Мерекелік бағдарламада Алашұлы, Диета KZ топтары мен Наркенже Серікбаева және Жігер Ауыпбаев сынды танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, тараздықтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ауқымды іс-шараны Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков көпшілікпен бірге тамашалады.









