Таразда бірқатар кәсіпкер марапатталды

    1 / 8

    Бүгін, 29 қазан – Кәсіпкерлер күніне орай Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова бірқатар кәсіпкерлік нысан иелерін марапаттады.

    Салтанатты жиында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, кәсіпкерлік саласының өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарға Тараз қаласы әкімінің Алғыс хаты табысталды.

    Кәсіпкерлік – экономиканың дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін маңызды сала. Қала кәсіпкерлері өз қызметтері арқылы жергілікті экономиканың дамуына үлес қосып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға және сапалы өнімдер мен қызметтер ұсынуға атсалысып келеді.

    Қала әкімінің орынбасары мереке қарсаңында кәсіп иелеріне еңбегі мен қаланың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы жұмыстарына табыс, кәсіптеріне өркендеу және жаңа жетістіктер тіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Тараз қаласының әкімдігі" жаңалықтары