ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ЖӘНЕ ҚАРЖЫГЕРЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

    15 қараша - Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта және Қаржыгерлер күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
    Мерекелік жиынға мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері, Департамент басшылығы, қызметкерлері және шақырылған қонақтар қатысты.
    Іс-шара барысында Департамент басшысы Азат Исенов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Крекесов құттықтау сөз сөйледі.
    Салтанатты жиында мемлекеттік кірістер жүйесінде ұзақ жылдар бойы адал әрі жемісті еңбек еткен ардагерлер мен қызметкерлердің еңбегі ерекше атап өтілді.
    Мереке аясында бірқатар ардагерлер мен қызметкерлер, сондай-ақ қоғам белсенділері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Құрмет грамотасымен, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының Алғыс хатымен, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, сондай-ақ Департаменттің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.
    Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
    Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары