Мойынқұм ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    1 / 2

    Мойынқұм ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындары арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында адам көп шоғырланатын орындарда, атап айтқанда дәмханалар мен дүкендерде тұрғындар мен нысан қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді.

    Сонымен қатар өрттің алдын алу шаралары, өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Мұндай профилактикалық шаралардың басты мақсаты – өрт оқиғаларының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары