«Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» республикалық акциясының екінші күні Жамбыл облысы ТЖД мамандары Тараз қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері көпбалалы отбасылармен кездесті.
Құтқарушылар профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды, үйдегі негізгі қауіп факторларын тексеріп, өрт болған жағдайда дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндірді.
Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, ата-аналар мен балаларға төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі бойынша практикалық сабақ өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және тұрмыстық өрттердің алдын алу.
Әр отбасының қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік!
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








