Жуалы ауданындағы ескі «Күйік» асуында «Қыс-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.
Іс-шара барысында қысқы кезеңде қарлы боран салдарынан автожолда көлік кептелісі туындаған кездегі төтенше жағдайларды жою жұмыстары пысықталды. Қатысушылар зардап шеккендерді құтқару, жолаушыларды эвакуациялау, медициналық көмек көрсету, жолды қардан тазарту және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-қимылдарды орындады.
Оқу-жаттығуға барлығы 57 адам, 20 техника және 1 тікұшақ жұмылдырылды. Негізгі мақсат – қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға қызметтердің дайындығын арттыру және өзара іс-қимылды үйлестіру.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








