Жуалы ауданында төтенше жағдайлар комиссиясының отырысы өтті

    1 / 2

    Жуалы ауданында аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының отырысы өткізілді.

    Жиын барысында 2026 жылғы су тасқыны кезеңінің қорытындылары, 2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық, «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуының барысы, сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері және 2026–2027 жылдардағы қысқы кезеңді қауіпсіз өткізу шаралары қаралды.

    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты мекемелердің дайындығы талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді. Сондай-ақ алдағы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жоюға бағытталған жұмыстарды үйлестіру мәселелеріне назар аударылды.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары