Қостанай облысында «Ауыл құтқарушылары» жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

    1 / 7

    Қостанай облысы Жітіқара ауданының Приречное ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында салынған өрт сөндіру бекетінің құрылысы аяқталды. Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың мамыр айында басталған.

    Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Марат Нұрғалиев, Жітіқара ауданының әкімі Аслан Жаныспаев, сондай-ақ ТЖД өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.

    Өрт сөндіру бекеті Жітіқара қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Оның ашылуы ауыл тұрғындарының өрт қауіпсіздігін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

    Ғимаратта өрт сөндіру техникасын орналастыруға арналған гараж боксы, санитарлық торап, ас үй бөлмесі және демалыс бөлмесі қарастырылған. Қызмет атқару үшін өрт сөндірушілерге арналған жаңа жауынгерлік киімнің (БОП) жиынтықтары берілді.

    Салтанатты рәсім барысында азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Алғыс хаттарымен Аслан Жаныспаев, Ерлан Мендыбаев және Мұрат Айтқұжинов марапатталды.

    Сондай-ақ Жітіқара ауданының әкімі Аслан Жаныспаевқа «Ауыл құтқарушылары» жаңа өрт сөндіру бекетінің кілті, ал өрт сөндіру бекетінің қызметкеріне АЦ-5,0-40 (4320) өрт сөндіру автокөлігінің кілті табысталды.

    «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекетінің ашылуы ерікті өртке қарсы құралымдарды дамытуға және шалғай елді мекендер тұрғындарының қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары