Т. Рысқұлов ауданының №10 өрт сөндіру бөлімінде Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шара барысында оқушылар өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысып, арнайы автокөліктерді, өрт-техникалық құрал-жабдықтарды және құтқарушылардың жауынгерлік киімдерін көрді.
Сондай-ақ оларға өрт кезіндегі әрекет ету тәртібі, қауіпсіздік ережелері және «101», «112» шұғыл қызмет нөмірлеріне хабарласу жолдары түсіндірілді.
Оқушылар құтқарушыларға сұрақтарын қойып, мамандықтың қыр-сырымен танысты.
Мұндай кездесулер балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









