1 / 2
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Көлтоған ауылындағы №14 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері тұрғындар арасында жылыту маусымындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту пештерін дұрыс пайдалану, мұржаларды уақытылы тазалау, олардың жарамдылығы мен бүтіндігін тексеру, сондай-ақ газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді.
Құтқарушылар жылыту құралдарын пайдаланудағы қарапайым сақтық шараларының өзі өрт пен улы газдан уланудың алдын алуға көмектесетінін ескертті.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








