Мұхамедханов көшесі, №77 үй ауданында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Бұл учаскеде 9 қарашада кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кету оқиғасы орын алған.
Полиция қызметкерлері көлік бөліміне бағдаршам орнату туралы ұйғарым жолдады.
Сонымен қатар, «Сергек» АПК өкілдерімен жылдамдықты 40 км/сағ шектеуді ескере отырып бақылауды баптау мәселесі пысықталды. Тиісті жол белгілері орнатылады.
Еске сала кетейік, бала ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді. Жүргізуші жаяу жүргіншіге жол беру талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол белгілерінің талаптарын сақтауға, жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдында жылдамдықты бәсеңдетуге және тұрғын үйлердің маңында аса мұқият болуға шақырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









