Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

    Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2026 жылғы 19 қараша сағат 11:00-де «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында облыс аумағында халықты құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізілетінін хабарлайды.

    Тексеру барысында электр сиреналары мен сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосу арқылы «Баршаның назарына!» сигналы беріледі, жаппай мобильді құлақтандыру жүйесі арқылы хабарламалар жолданады, сондай-ақ теле- және радиоарналарды үзіп таратужүргізіледі.

    Тұрғындардан сабыр сақтап, дүрбелеңге түспеулерін сұраймыз. Аталған іс-шаралар оқу-жаттығу мақсатында өткізіледі.

    Жамбы облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары