Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндірді.
Кездесу барысында тұрғындарға пештер мен электр жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану, мұржаларды уақытылы тазалау және электр сымдарының жарамдылығын үнемі тексеру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар жылыту құрылғыларының маңында жанғыш заттарды қалдырмау және балалардың отпен ойнауына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мамандар ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, олардың үйдегі қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалауға шақырды.
Есте сақтаңыз: өрттің алдын алу – әр адамның жауапкершілігі. Ал балалардың қауіпсіздігі ересектердің күнделікті қамқорлығынан басталады!
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









