1 / 2
Қаратау технология, білім және бизнес колледжінде білім алушылармен ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.
Талас аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жастарға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты әскери бөлімдерде мерзімді әскери қызмет өткеру мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Кездесу барысында әскери бөлімдердің міндеттері, қызметке іріктеу тәртібі, денсаулық жағдайы мен кәсіби жарамдылық талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ әскери қызметтен кейін кәсіби білімін жалғастыру және заңнамада көзделген әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат берілді.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









