Мойынқұм ауданында тұрғындарға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілді

    1 / 2

    Мойынқұм ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан әкімінің орынбасары және жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірлесіп, ауылдағы ардагерлер мен көпбалалы отбасылардың үйлерін аралап, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

    Кездесу барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары, төтенше жағдай кезіндегі алғашқы әрекеттер, электр және жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану, өрттің алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар улы газды анықтайтын датчиктердің маңызы мен жұмыс істеу тәртібі жеткізілді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары