«Көлігің аман болсын»: Меркі ауданында алдын алу жұмыстары жүргізілді

    1 / 3

    «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» аясында Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Көлігің аман болсын» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізді.

    Іс-шара барысында автокөлік иелеріне көліктегі өрттің алдын алу, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, жанармай құю кезінде сақтық шараларын орындау және өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

    Сонымен қатар алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану бойынша нұсқаулықтар берілді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары