ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ – ТАНЫМДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!

    1 / 2

    Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылындағы №7 өрт сөндіру бөлімінде Мағжан Жұмабаев атындағы №29 орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.

    Іс-шара аясында оқушылар өрт сөндіру бөлімінің тыныс-тіршілігімен, өрт сөндіру-құтқару техникасымен және арнайы жабдықтармен танысты. Сонымен қатар өрт сөндірушілердің қызметтік міндеттері мен кәсіби жауапкершілігі туралы ақпарат берілді.

    Шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі білімін арттыру және өрт сөндіруші мамандығына деген қызығушылығын ояту.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары