«Қауіпсіз автокөлік» профилактикалық іс-шарасы өткізілді

    1 / 4

    «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» аясында Т. Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Қауіпсіз автокөлік» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізді.

    Профилактикалық жұмыс барысында жүргізушілерге автокөліктегі өрт қауіпсіздігі талаптары, жанар-жағармай материалдарын пайдалану және сақтау кезіндегі сақтық шаралары, сондай-ақ көліктің электр сымдары мен техникалық жабдықтарының жарамды күйде болуын қадағалау қажеттігі түсіндірілді.

    Сонымен қатар, автокөлікте өрт туындаған жағдайда алғашқы әрекеттер, өрт сөндіргіш құралдарды дұрыс пайдалану және 101, 112 нөмірлеріне хабарласу тәртібі ескертілді.

    ДЧС Жамбылской области

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары