«Көлігің аман болсын»: автокөлік қауіпсіздігі бойынша профилактикалық шаралар жүргізілді

    1 / 3

    «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» аясында Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Көлігің аман болсын» - «Қауіпсіз автокөлік» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізді.

    Іс-шара барысында, автокөлік иелері мен газ құю станцияларының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

    Тұрмыстық газ баллондарын газ құю станцияларында толтыруға тыйым салынатыны, сондай-ақ газбаллон жабдығы орнатылған автокөліктердің паркингтерге кіруіне жол бермеу жөніндегі талаптар түсіндірілді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары