«Көлігің аман болсын» профилактикалық іс-шарасы өткізілді

    1 / 3


    «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» аясында Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Көлігің аман болсын» тақырыбында профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

    Іс-шара барысында автокөліктерде өрттің алдын алу, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі және алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану бойынша жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жүргізушілерге көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығы ескертіліп, өрттің алдын алу әрбір азаматтың жауапкершілігі екені атап өтілді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары