«Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» аясындағы профилактикалық шаралар Талас ауданының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында жалғасын тапты.
Іс-шара барысында орталық қызметкерлері мен қызмет алушыларына өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, төтенше жағдай туындаған кезде алғашқы әрекеттер алгоритмі жеткізілді.
Сонымен қатар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялау тәртібі, өрттің алдын алу, электр және жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мекеме қызметкерлеріне улы газды анықтайтын құрылғының жұмыс істеу тәртібі түсіндіріліп, оның адам өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы атап өтілді.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









