Меркі ауданында аға буын өкілдеріне өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    1 / 3

    Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Белсенді өмір сүру орталығының қызметкерлері мен қатысушылары арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық кездесу өткізді.

    Кездесу барысында өрт туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі, тұрмыста электр құралдарын қауіпсіз пайдалану, өрт сөндіргішті қолдану және 101, 112 шұғыл нөмірлеріне хабарласу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, аға буын өкілдеріне өрт кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, эвакуациялау және өзін-өзі қорғау шаралары жөнінде кеңестер берілді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары