Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі аясындағы алтыншы күннің «Аға буын – сенімді қорғалады!» тақырыбына сәйкес Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-де профилактикалық іс-шара өткізді.
Кездесу барысында орталық тұрғындарына тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптары, жылыту құрылғыларын, электр жабдықтары мен газ құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелері, сондай-ақ өрт туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі түсіндірілді.
Профилактикалық жұмыстың негізгі мақсаты – тұрмыстық өрттердің алдын алу және аға буын өкілдерінің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара аясында Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері орталық тұрғындарына арнап тәтті десерт дайындап, оларға ерекше ықылас пен қамқорлық көрсетті.
Кездесу профилактикалық түсіндіру жұмыстарымен қатар, үлкендерге құрмет пен көңіл бөлудің жылы көрінісіне айналды.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









