Т. Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Құлан ауылындағы №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-гимназиясында өрт-тактикалық сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты – білім беру мекемесінде өрт орын алған жағдайда жеке құрамның жедел әрекет ету дайындығын арттыру, өртті сөндіру тәсілдерін пысықтау және оқушылар мен мектеп қызметкерлерін қауіпсіз жерге эвакуациялау тәртібін үйрету.
Сабақ барысында шартты өрт ошағын анықтау, өрт сөндіру техникасы мен құралдарын пайдалану, өртті оқшаулау және сөндіру бойынша практикалық іс-қимылдар орындалды.
Мұндай оқу-жаттығулар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







