Жамбыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен полиция бөлімінің қызметкерлері Аса ауылындағы Гагарин атындағы мектептің оқушылары мен педагогикалық ұжымына өрт қауіпсіздігі және пиротехникалық бұйымдарды қолданудың қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар жаңа жылдық мерекелер кезінде салют, петарда және өзге де пиротехникалық бұйымдарды пайдаланудың адам өмірі мен денсаулығына төндіретін қауіптері туралы айтып, өрттің негізгі себептері мен оның алдын алу жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар қызметкерлер нақты практикалық мысалдар келтіріп, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігіне ерекше назар аударды.
Кездесу соңында оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне мерекелік күндері қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, пиротехникалық бұйымдарды қолданудан бас тарту ұсынылды.
Қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









