1 / 3
Мойынқұм ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде Абай атындағы орта мектеп оқушылары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен, жұмыс тәртібімен және төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын арнайы техника мен құрал-жабдықтармен танысты.
Сонымен қатар оларға Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі мен білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру, төтенше жағдайлардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру және құтқарушы мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру.
Жамбы облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








