Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындары арасында өрт қауіпсіздігі, жылыту маусымындағы қауіпсіздік талаптары және балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тұрғындарға жылыту пештері мен электр құралдарын қауіпсіз пайдалану, газ жабдықтарын қолдану кезінде сақтық шараларын сақтау, электр желілеріне шамадан тыс күш түсірмеу және жанғыш заттарды жылу көздерінен алыс ұстау қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, терезелерге арнайы қауіпсіздік құрылғыларын орнату және олардың ашық терезеге жақындауына жол бермеу ескертілді.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








