«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық байқауының жобаларды қорғау кезеңі өтті

    1 / 8

    Комиссия отырысына Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Рахметұлы төрағалық етті.

    Аталған байқау ауылда тұратын жастардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға, тың бастамаларын қолдауға және ауылдық жерлерде жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.Сонымен қатар байқау аясында жастардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына жағдай жасау, еңбек нарығына тарту, NEET санатындағы жастардың үлесін азайту және олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға басымдық берілген.

    ГРАНТТЫҚ БАЙҚАУ 6 БАҒЫТТЫ ҚАМТИДЫ:

    1. Мал және балық шаруашылығы;

    2. Өсімдік шаруашылығы;

    3. Сүт өнімдері өндірісі;

    4. Қолөнер және шағын өндіріс;

    5. Тағам өндірісі және қоғамдық тамақтану;

    6. Білім беру орталығы.

    Жобаларды қорғау барысында қатысушылар өздерінің бизнес-идеялары мен кәсіпкерлік бастамаларын таныстырып, оларды жүзеге асыру жолдарын, тиімділігі мен өңір үшін маңыздылығын комиссия мүшелерінің назарына ұсынды.

    Байқау жеңімпаздарына өз жобаларын жүзеге асыру үшін 3 000 000 (үш миллион) теңге көлемінде гранттық қаржыландыру қарастырылған.

    «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты ауыл жастарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдап, жаңа жобалар мен жұмыс орындарын дамытуға бағытталған маңызды мүмкіндік.

    #ТәуелсіздікҰрпақтары #ТҰгранты #ЖетісуЖастары

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы" жаңалықтары