Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы

    Басқарма туралы

    «Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі қоғамдық даму саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    «Тарихи тұлғалар» тізіміне кісі есімін қалай енгізуге болады?

    Жауап

    1) «Тарихи тұлғалар» тізіміне аудан, қала әкімдіктерінен «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-5-бабында көрсетілген ономастика жұмысының критерийлеріне сәйкес келетін жергілікті жердегі танымал тұлғалардың тізімдері жинақталып, облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылады; 2) Ономастикалық нысандарға атау беру және оларды қайта атау жұмыстарын жүргізу барысында ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісілген, Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған «Тарихи тұлғалар» тізімі басшылыққа алынады; 3) «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (11.07.1997 ж. № 15) 25-5 бабында және ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен (11.07.2025 ж. № 317-НҚ) бекітілген Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымда көрсетілген ономастика жұмысының критерийлері негізінде екі жылда бір (1 қарашаға дейін) ономастика саласындағы уәкілетті органға (ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясы) «Тарихи тұлғалар» тізбесін өзектендіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі.

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану тәртібі қандай нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану тәртібі: 1) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық заңымен; 2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 873 Қаулысымен; 3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 8 маусымдағы №137 бұйрығымен реттеледі.

    Ақпарат

    Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

    «Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өңірлік телеарналар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28-үй, 1028 кабинет мекен-жайы бойынша жіберіледі, «Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-нің ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бөлімі 2026 жылғы 14 қазан күні сағат 17:00-ге дейін қабылдайды. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер мына Жетісу облысы, Талдықорған қаласы қаласы, Балапанов көшесі, 28-үй, 1028 кабинет мекен-жайы бойынша 2026 жылғы 14 қазан күні сағат 17:30-де ашылады. Үміткер өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі бар өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: "(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА" және "(өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды. Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді уақтылы беру қажет. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі қоса беріледі. Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035349

    Жарияланды:
    Есеп

    Жетісу облысының ішкі саясат басқармасының 2026 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмысы туралы анықтама

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыс бөлімінің 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған жыл сайынғы сыйлықақыны тағайындауға өтінімдер қабылдаудың басталғанын жариялады

    Жарияланды: