Жетісу облысында NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту мәселелері қаралды

    Жетісу облысында NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту мәселелері қаралды

    Жетісу облысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының тапсырмаларын орындау аясында NEET санатындағы жастармен жұмысты күшейту және оларды жұмыспен қамту мәселелері бойынша жиын өтті.

    Жиынды облыс әкімінің орынбасары Диас Рахметұлы Есдәулетов төрағалық етіп өткізді.

    Жиын барысында Жетісу облысындағы NEET санатындағы жастардың санын азайту, олардың әлеуметтік мәртебесін өзектендіру, жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау шараларына тарту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері қаралды.

    Атап айтқанда, 2026 жылғы 10 қаңтардағы «Отбасының цифрлық картасы» деректеріне сәйкес облыста 7 219 NEET жасы тіркелген болатын. Жүргізілген атаулы жұмыстардың нәтижесінде 31 тамыздағы жағдай бойынша олардың саны 2 792 адамға дейін төмендеп, 61%-ға қысқарды.

    Жиын қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастармен атаулы жұмысты жалғастыру, олардың әлеуметтік мәртебесін тұрақты түрде жаңартып отыру, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау шараларына тарту бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы" жаңалықтары