Халықаралық қарттар күні

    Халықаралық қарттар күні

    Құрметті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің ардагерлері!

    Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Сіздер – санитариялық-эпидемиологиялық саланың қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан, талай жылдық тәжірибесімен елдің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек еткен ардақты жандарсыздар.

    Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, кәсіби біліктіліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыз – кейінгі буын мамандары үшін үлгі, өнеге әрі баға жетпес мектеп.

    Бүгінгі күні сіздердің еңбектеріңіз – тарихтың бір бөлігі ғана емес, қазіргі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің берік іргетасы. Сіздер қалыптастырған кәсіби дәстүр мен мол тәжірибе кейінгі ұрпаққа жалғасып, сала дамуына өз үлесін қосып келеді.

    Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары