Құтыру ауруының алдын алу мәселелері бойынша семинар

    1 / 4

    Құтыру ауруының алдын алу мәселелері бойынша семинар

    Департамент денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, құтыру ауруының алдын алу мәселелері бойынша медицина қызметкерлері мен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының қатысуыменсеминар өткізді.

    Семинар барысында құтыру бойынша өзекті эпидемиологиялық жағдай, аурудың эпидемиологиясы, клиникалық көріністері мен диагностикасы, халыққа құтыруға қарсы медициналық көмек көрсету тәртібі, емдік-профилактикалық иммундау жүргізу және алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

    Баяндамалармен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, инфекционист дәрігер және травматолог дәрігер сөз сөйлеп, жануарлардан жарақат алған адамдарға уақтылы медициналық көмек көрсету және құтыру ауруының алдын алу мәселелері бойынша түсініктемелер берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары