ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласын дамытудыңұлттық ғылыми орталығы кохлеарлық импланты бар балаларға арналған қашықтан есту және сөйлеу қабілетін оңалту бағдарламасын ұйымдастырды. Онлайн сабақтар дәстүрлі форматтағы оңалту курстарын толықтырып, балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан мамандармен тұрақты байланыста болуына мүмкіндік береді.
Алғашқы қашықтан оқыту курсы 2026 жылғы 1 қазан мен 1 қараша аралығында өтті. Оған еліміздің тоғыз өңірінен 3 пен 7 жас аралығындағы 16 бала қатысты. Олардың 12-сі ауылдық жерде тұрады.
Кохлеарлық имплант орнатылғаннан кейін баланың дыбыстарды ажырату, сөйлеуді түсіну және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру қабілетін дамыту үшін жүйелі түрде сабақ өткізу қажет. Алайда шалғай елді мекендерде тұратын отбасылардың сурдопедагог, логопед және басқа да бейінді мамандардың көмегіне тұрақты жүгіну мүмкіндігі шектеулі.
Қазіргі уақытта Орталық филиалдары еліміздің сегіз өңірінде жұмыс істейді. Жыл сайын оларда 234 балаға арналған оңалтудың 936 курсы өткізіледі. Ал филиалдары жоқ аудандардан келген тағы 150 бала Орталықта тәулік бойы оңалтудан өте алады.
Дәстүрлі форматтағы оңалту курстарының арасында бірнеше ай үзіліс болуы мүмкін. Осы кезеңде балаларға көрсетілетін көмектітолыққандықамтамасыз ету мақсатында Орталық ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап есту және сөйлеу қабілетін үздіксіз оңалту бағдарламасын жүзеге асыруда.Олмамандардың баламен тікелей жұмыс істеуін, қашықтан өткізілетін сабақтарды және ата-аналардың қатысуымен үй жағдайында орындалатын жаттығуларды қамтиды.
Әр бала үшін жасына, даму деңгейі мен жеке ерекшеліктеріне қарай оңалтудың жеке маршруты әзірленеді. Баланың қажеттілігіне байланысты сабақтарды сурдопедагог, логопед, дефектолог немесе психолог өткізеді. Мамандармен онлайн кездесулер аптасына екі рет, яғни айына сегіз рет ұйымдастырылады.
Орталықтың сегіз педагогі алғашқы курста128 онлайн сабақ өткізді.Сабақтар қолайлы болу үшін ата-аналардың жұмыс кестесі мен балалардың күн тәртібі ескеріле отырып, екі ауысым бойынша ұйымдастырылды.
Бағдарламаның маңызды бөлігі – ата-аналардың белсенді қатысуы. Мамандар оларғатиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,үйде орындауға тапсырмалар берді.Осы бағыттаотбасыларға 80 бейнесабақ қолжетімді.
Сонымен қатар ата-аналар жаттығулардың орындалу барысы мен нәтижелерін тіркеп, мәліметтерді мамандарға жолдайды. Бұл баланың дамуындағы өзгерістерді бақылауға, туындаған қиындықтарды талқылауға және алдағы сабақтарды жоспарлауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама аясында баланың даму динамикасы әр үш ай сайын бағаланады.Нәтижесінде мамандар қажет болған жағдайда оңалтудың жеке маршруты мен отбасыға берілетін ұсынымдарды түзетеді.
Қашықтан оқыту форматы дәстүрлі оңалту курстары арасындағы кезеңде балаларға көрсетілетін қолдаудың аясын кеңейтеді. Нәтижесінде отбасылар мамандардың тұрақты көмегіне қол жеткізіп, оңалту жұмыстары әр баланың жеке қажеттіліктеріне сай жалғасын табады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









