Мектебімізде мектеп медбикесі Меліс Н.Б.оқушыларға
темекі шегу мен есірткі қолданудың зияны туралы түсіндіру
жұмысын жүргізді.
Кездесудің мақсаты - оқушыларды өз денсаулығына
жауапкершілікпен қарауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға
және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Медбике темекі мен есірткінің адам ағзасына кері әсері,
тәуелділіктің қаупі туралы айтып, денсаулықты сақтаудың
маңызын түсіндірді. Оқушыларға зиянды ұсыныстарға
«жоқ» деп айта білу, бос уақытын тиімді өткізу және
спортпен шұғылдану жөнінде кеңестер берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









