1 / 7
2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Ордабасы ауданында халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін төмендету және әлеуметтік қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.
«Еңбек нарығын дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 4 132 азаматты қамту жоспарланған. Есепті кезеңде 4 351 азамат жұмысқа орналастырылып, жоспарлы көрсеткіш 105,3 пайызға орындалды.
Жұмысқа орналасқан азаматтардың 313-і ұлттық жоба аясында, 2 176-сы бос жұмыс орындары арқылы, 610-ы «10 мың тұрғынға – 100 жаңа жұмыс орны» бағыты бойынша тұрақты еңбекке тартылды.
Сонымен қатар, 1 209 азамат субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды. Атап айтқанда, 229 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 405 адам жастар практикасына, 493 адам қоғамдық жұмыстарға, 82 азамат «Күміс жас» жобасына қамтылды.
Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттың бірінші легінде 43 азаматқа қаржылай қолдау көрсетілді. Оның ішінде 37-сі – көпбалалы отбасы мүшесі, 3-еуі – мүгедектігі бар азамат, 2-еуі – мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған күтім жасаушы және 1-еуі – атаулы әлеуметтік көмек алушы.
Әлеуметтік қолдау шаралары да назардан тыс қалған жоқ. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген 542 отбасының 3 455 мүшесіне тиісті көмек тағайындалды.
Бұдан бөлек, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың еңбек нарығына қолжетімділігін арттыру мақсатында жыл басынан бері 8 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Аталған шаралар аудан тұрғындарының жұмыспен қамтылу мүмкіндігін кеңейтуге, тұрақты табыс көзін қалыптастыруға және әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








