ҚАЗАҚСТАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ КЛИМАТТЫҚ ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ КҮШ БІРІКТІРУГЕ ШАҚЫРДЫ

    1 / 4

    Климаттың өзгеруі қоғамдық денсаулық сақтау саласына тікелей қауіп төндіріп, инфекциялық аурулардың таралуы мен антибиотиктерге төзімділіктің арту тәуекелін күшейтіп отырғаны туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі 31-конференциясы (COP31) шеңберінде Түркия павильонында өткен «Денсаулық сақтау саласындағы климатқа бағдарланған технологиялар және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі панельдік пікірталаста мәлімдеді.

    Осы сын-қатерлерге қарсы тұру мақсатында Қазақстан «Біртұтас денсаулық» тәсілін енгізіп, биологиялық қауіпсіздікті дамытып, қауіп-қатерлерді ерте анықтау жүйесін нығайтып келеді.

    «Біз өзара тиімді шарттар негізінде «технология – жергіліктендіру – оқыту» қағидаты бойынша әріптестік орнатуға ашықпыз», – деп атап өтті министр.

    Қазақстан дәрі-дәрмектер мен вакциналардың құнын төмендету және жеткізілім тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Орталық Азия елдеріне, ТМҰ және ЕАЭО бірлескен сатып алулар жүргізуді ұсынды. Сондай-ақ тәжірибе алмасуға бағытталған Анталия бастамасын (AIR) қолдады.

    Сөз соңында министр климаттық қауіп-қатерлердің шекара талғамайтынын, сондықтан олармен күресу үшін өңірлік ынтымақтастықты нығайтып, технологиялық мүмкіндіктерді біріктіру қажеттігін атап өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" жаңалықтары