Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Министерство осуществляет руководство в области охраны здоровья граждан, медицинской и фармацевтической науки, медицинского и фармацевтического образования, обращения лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники, контроля за качеством медицинских услуг, санитарно-эпидемиологического благополучия населения, контроля и надзора за соблюдением требований, установленных техническими регламентами и нормативными документами, а также в области безопасности пищевой продукции на стадии ее реализации.
Министрлік туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және медицина техникасының айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау саласындағы, сондай-ақ тамақ өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді, стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арнайы құқық субъектісі болып табылатын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК көрсететін қызметтердің бағаларын жоспарлы бекіту мәселесі бойынша жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды. Жария тыңдауларда мынадай қызмет түрлерінің бағалары қаралатын болады: 1. «Электрондық денсаулық сақтау» цифрлық платформасын сүйемелдеу жөніндегі қызметтер; 2. «Электрондық денсаулық сақтау» цифрлық платформасын құру жөніндегі қызметтер; 3. «Электрондық денсаулық сақтау» цифрлық платформасын дамыту жөніндегі қызметтер. Өткізілетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 9 қазан, сағат 10:00. Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 17, 7-қабат, № 714 конференц-зал. Байланыс ақпараты: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі: тел.: 8 (7172) 74-34-32 электрондық пошта: [email protected] «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК: тел.: 8 (7172) 57-44-40 электрондық пошта: [email protected]
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев 2026 жылғы 19-20 маусым күндері жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барады. Жұмыс сапары барысында сағат 14.50-де бірінші вице-министр өңір тұрғындарымен кездеседі. Кездесу мына мекенжайда өтеді: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 25, С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана . Сағат 16.00-де осы мекенжайда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өтеді. Сондай-ақ, сағат 16.30-да азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылады. Жеке қабылдауға алдын ала жазылу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: +7 7152 46 93 14; +7 777 925 6695
11 маусым 2026 жыл Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесу сағат 15:30 – 16:30 БАҚ өкілдеріне арналған брифинг сағат 16:30 – 17:00 Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау сағат 17:00 – 18:00 Өтетін орны: Ескелді ауданының әкімдік ғимараты Мекенжайы: Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі, 67 Жеке қабылдауға алдын ала жазылу үшін байланыс телефондары: 8 (7282) 60-02-30, 8 (7282) 60-02-33, 8 707 243 10 12
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2026 жылғы 5 маусымда Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келеді. Сапар аясында сағат 09:45-те министр Байзақ ауданы тұрғындарымен кездеседі. Кездесу Байзақ ауданы, Мырзатай ауылы, Сеңкібай көшесі, 21А мекенжайында өтеді. Сағат 11:15-те осы мекенжайда азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылады. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша сағат 15:30-да бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу өтеді. Баспасөз өкілдеріне арналған кездесу Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы «Баспасөз үйінде» (Ы. Сүлейменов көшесі, №5) ұйымдастырылады.
2026 жылғы 28 мамырда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Т.М. Мұратовтың аудан тұрғындарымен кездесуі өтеді. Кездесу барысында ауданның денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері талқыланбақ. Өтетін орны: «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ, үлкен зал Уақыты: 12:00 Кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау өтеді. Азаматтарды қабылдау орны: «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ, кіші зал Уақыты: 12:30 БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг (ӨКҚ) Өтетін орны: Семей қаласы, Абай көшесі, 97 Аудан тұрғындары мен БАҚ өкілдерін қатысуға шақырамыз!
2026 жылғы 30 сәуір күні Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Павлодар облысына жұмыс сапарымен барады. Сапар аясында халықпен кездесіп , онда денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланады. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жоспарланған. Іс-шаралар бағдарламасы: Күні: 30 сәуір 2026 жыл Өтетін орны: Достық үйі, Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1
ҚР ДСМ 2026 жылғы 1 қазандағы бюджет қаражатының игерілуі туралы
ҚР ДСМ 2026 жылғы 1 қазандағы бюджет қаражатының игерілуі туралы
Жарияланды:
Бұйрық
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 124 "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-133/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-133/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21452 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан РеспубликасыДенсаулық сақтау министрі А. Альназарова
Жарияланды:
Ақпарат
Хабарландыру
«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Тексеру комиссиясының мүшесі бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, мекен жайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 5 - кіреберіс, «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС бос лауазымдарға кадрларды конкурстық іріктеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес Тексеру комиссиясының мүшесі бос лауазымына орналасуға конкурс өткізетіні туралы хабарлайды. Кандидаттар конкурсқа қатысу үшін осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) осы хабарландырудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көлемі 3х4 түрлі-түсті фотосуреті бар кандидаттың түйіндемесі; 2) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері; 3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 4) Қазақстан Республикасының азаматтығын жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі 5), кәсіби қаситтері мен дағдыларын, жұмысқа қатынасын, ұжымдағы қарым-қатынас дағдылары және тәртібі туралы ақпаратты көрсете отырып соңғы жұмыс орнынан мінездеме; 6) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама; 7) наркологиялық және психоневрологиялық ұйымнан диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама. Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар осы хабарландырудың 3-қосымшасына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қолма-қол немесе [email protected]электрондық поштасына қабылдау 2026 жылғы «3» қараша сағат 18 сағат 00 минуттааяқталады. Конкурс бойынша қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7172) 74-39-68 бос лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыруға 1-қосымша «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Басқарма Төрағасы Ж.Қ. Бүркітбаевқа Өтініш Мені ______________________________________________________________________ лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуді сұраймын және дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін. Қоса беріліп отырған құжаттар: 1) 2) 3) … Тегі, аты, әкесінің аты Мекенжай және байланыс телефоны Қолы Күні бос лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыруға 2 қосымша фотосурет орны ТҮЙІНДЕМЕ Тегі: Атауы: Әкесінің аты: Туған күні: Жынысы: Ұлты: Мекен-жайы: (нақты): (тіркелу бойынша): ЖСН: Жеке куәлік/төлқұжат №, берілген күні, кім берді: Телефондар (ұялы, үй): Білімі: № Оқу орнының толық атауы, факультет, (бөлімше) Оқуға түскен жылы Оқуды бітірген жылы Мамандығы, біліктілігі (қажеттілігіне қарай жолдар қосылсын) Біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, тағылымдамалар № Оқу орнының атауы Бітірген жылы, айы Тақырыбы 1. 2. (қажеттілігіне қарай жолдар қосылсын) Жұмыс тәжірибесі (соңғы жұмыс орнынан бастап, барлық алдыңғы жұмыс орындарын атап өтіңіз): Ұйымның атауы: Ұйым қызметінің бағыты: Лауазым атауы Басталды айы/жылы Аяқталды айы/жылы Лауазымдық міндеттер: (әрбір жұмыс орны үшін қажеттілігіне қарай кестелер қосу) Тілдерді білу: Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: Жарияланымдар, ғылыми еңбектер, өнертабыстар, мемлекеттік және ведомстволық наградалар, көтермелеулер (грамоталар және т.б.): Компьютерді білу: Жанұялық жағдайы: Жеке қасиеттері: бос лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыруға 3-қосымша Лауазым атауы : ревизиялық комиссияның мүшесі Қызметкерге қойылатын талаптар: экономика және қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе аудит мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім; 2) осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген салаларда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы; 3) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және Ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc.) әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын білуі; 4) мемлекеттік тілді және шет тілін (тілдерін) білуі құпталады. Ревизиялық комиссия мүшесінің лауазымдық міндеттері: Серіктестіктің ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалайды; Серіктестікте тәуекелдерді бағалау әдіснамасының толық қолданылуын және тәуекелдерді басқару рәсімдерінің тиімділігін бағалайды; Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық келісімдер талаптарының, Серіктестіктің ішкі құжаттарының сақталуын, сондай-ақ уәкілетті және қадағалау органдарының нұсқаулары мен Байқау кеңесінің шешімдерінің орындалуын бағалауды жүргізеді; Серіктестіктің сыртқы аудитордың ұсынымдарын орындауына мониторинг жүргізеді; белгіленген тәртіппен берілген Ревизиялық комиссияның ұсынымдарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; ) Байқау кеңесіне, Басқарма төрағасына және Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріне ішкі бақылау және ішкі аудит жүйелерін ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес береді; қажет болған жағдайда сыртқы аудитор жүргізетін Серіктестіктің аудитін өткізуге жәрдем көрсетеді; Серіктестіктің жылдық қаржылық есептілігін оның Жалғыз қатысушысы бекіткенге дейін міндетті түрде тексеруді жүргізеді; Ревизиялық комиссияның қызметін реттейтін құжаттарды, оның ішінде ішкі аудит бойынша әдістемелік ұсынымдар мен Ревизиялық комиссияның қызметіне қатысты басқа да құжаттарды әзірлейді; Жалғыз қатысушыға Ревизиялық комиссияның қызметі туралы есептерді ұсынады; өз құзыреті шегінде Ревизиялық комиссияға жүктелген және оның тәуелсіздік қағидатына нұқсан келтірмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Жарияланды:
Ақпарат
Хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы»шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының немесе алқалы атқарушы орган басшысының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларына сәйкес Басқарма төрағасының бос лауазымына қабылдауға конкурс жариялайды. Конкурстың өткізілетін күні мен орны: Конкурстың өткізілу күні: 2026 жылғы 20 қазаннан бастап; Конкурстың өткізілетін орны: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 20, «Palazzo degli Affari» бизнес орталығы, 4-қабат. Анықтама телефоны: 8 (7172) 572-950 (ішкі 1025). Кәсіпорынның атауы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Кәсіпорынның орналасқан жері: Астана қаласы, 010000, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 20, «Palazzo degli Affari» бизнес орталығы. Телефон: 8 (7172) 572-950, қабылдау бөлмесі – 1000. Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Қызметінің мақсаты зерттеулер жүргізу, ғылыми-техникалық, ақпараттық және білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы денсаулық сақтау жүйесінің дамуына жәрдемдесу болып табылатын денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру. Кәсіпорын Басқармасы төрағасының негізгі лауазымдық міндеттері: денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және байқау кеңесінің шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады; үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста Кәсіпорынның атынан әрекет етеді; банктік шоттар ашады, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста Кәсіпорынның атынан өкілдік ету құқығына сенімхаттар береді; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады және т.б.; міндеттерді, сондай-ақ өкілеттіктер мен жауапкершілік салаларын Басқарма мүшелері – Басқарма төрағасының орынбасарлары арасында бөледі; мыналар үшін дербес жауапты болады: Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі және мүлкінің сақталуы; Кәсіпорынның даму жоспарын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігі; таза кірістің белгіленген бөлігін бюджетке уақтылы аудармау; Кәсіпорынның Жарғысында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімінің, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификаттау курсынан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлігінің және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік берілгені туралы куәлігінің болуы не «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыттары бойынша жоғары білімінің немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес және құқық» даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің немесе MBA executive не full time дәрежесінің болуы, басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам мыналарды білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын; қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілерін; денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздерін; басқарудың экономикалық әдістерін және ұйым қызметін талдауды; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын; денсаулық сақтау саласындағы адам ресурстарын басқарудың үздік тәжірибелерін; халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштерді; отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару саласындағы үздік халықаралық тәжірибені; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды; төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет: конкурсқа қатысу туралы өтініш; еркін нысанда жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмелері; еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмесі немесе еңбек шарты, еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы; Кәсіпорынды дамыту жөніндегі презентация (5 слайдтан аспайтын), онда негізгі проблемаларды талдау және оларды шешу жөніндегі ұсынылатын шаралар қамтылуға тиіс. Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, жұмыс өтілі, кәсіби даярлық деңгейі туралы қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми жарияланымдарын, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдарды) ұсына алады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу мерзімі: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурстарында хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде (2026 жылғы 20 қазаннан бастап 2026 жылғы 3 қарашаны қоса алғанда). Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін Кәсіпорынның [email protected] электрондық поштасына электрондық түрде ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін кемінде бір сағат бұрын ұсынылуы тиіс. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, адам әңгімелесуге жіберілмейді. Конкурсқа жіберілген кандидаттармен әңгімелесуді Кәсіпорынның Байқау кеңесі өткізеді.
Жарияланды:
Ақпарат
Медицина мекемелерінде қазақ тілін үйрету және қолдану мәселелері талқыланды
Медицина мекемелерінде қазақ тілін үйрету және қолдану мәселелері талқыланды 2026 жылғы 14 қазанда Алматыдағы Отан соғысы ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпитальда «Медицина мекемелерінде қазақ тілін үйрету мәселесі» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға медицина және ғылыми ұйымдардың өкілдері, тіл мамандары мен журналистер қатысты. Госпиталь ұжымынан 35 қызметкер қатысып, 30-дан астам адам онлайн қосылды. Госпиталь директоры Гаухар Тазабекқызы жиынды құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік, талқылаудың нәтижелі өтуін тіледі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы Айжан Алдангорова медициналық терминдерді ғылыми тұрғыдан саралап, жүйелеудің маңызын атап өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың зерттеуші профессоры, саяси ғылымдар докторы Гүлмира Сұлтанбаева пандемия кезіндегі инфодемияға тоқталып, тексерілген ақпаратты жедел жеткізудің ұлт денсаулығын сақтаудағы рөлін ерекше атады. Госпитальдың терапия бөлімшесінің меңгерушісі, ҚазҰМУ оқытушысы, медицина ғылымдарының кандидаты Құралай Аширбекова қазақ тілінде білім беру мен медициналық қызмет көрсету тәжірибесін бөлісті. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері, PhD докторант Елімай Шынатай кәсіби қазақ тілін оқытуда дәрігер мен пациент арасындағы қарым-қатынасқа басымдық беру қажеттігін айтты. Ол терминдердің электрондық базасын әзірлеу, оқу бағдарламаларын жетілдіру және тіл мамандары мен дәрігерлердің бірлесіп жұмыс істеуін ұсынды. Осы институттың зерттеушісі Самал Бейсенхан медициналық терминдерді сөйлеуден автоматты танудың лингвистикалық мәселелерін таныстырды. ҚазҰМУ өкілі, баспагер-журналист Нұрлан Айбекұлы мен Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының мультимедиа маманы, журналист Жұлдыз Жаменкина медицина жаңалықтарын жариялау және қазақша контент сапасын арттыру мәселелерін қозғады. Талқылауда DamuMed және басқа цифрлық жүйелердің қазақша интерфейсін жетілдіру, интернатура мен резидентурада кәсіби қазақ тілін оқытуды күшейту, аударма сапасын жақсарту және мемлекеттік тілде қызмет көрсететін мамандарды қолдау жолдары қарастырылды. Іс-шара соңында госпитальдың баспасөз хатшысы Дастан Қастай журналистерді, тіл мамандары мен дәрігерлерді ортақ ұстанымға келіп, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар ұлттық ғылым мен қазақ тіліндегі медициналық терминологияны дамытуда тұрақты ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.
Жарияланды:
Бұйрық
«Дипломнан кейінгі білім беру медициналық академиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік аттестаттаудан өтті деп тану туралы