Қазақстандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу туралы

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісін оқшаулауды (локализациялауды) ынталандыруға, отандық өндірісті дамытуға және инвестициялар тартуға бағытталған кешенді шараларды іске асыруда.

    Осылайша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы №63 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы №110 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

    Қағидалардың 301 және 302-тармақтары жаңа редакцияда жазылып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісін құруды немесе жаңғыртуды жоспарлаған әлеуетті өнім берушілерді бағалаудың балдық жүйесі жетілдірілді.

    Өтінімдерді бағалау кезінде өндірісті оқшаулау деңгейі, белсенді фармацевтикалық субстанция өндірісінің болуы, өндірістің толық циклі, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға салынатын инвестициялар көлемі, экспорттық әлеует, кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі шаралар және шартты баға жеңілдігін ұсыну ескеріледі.

    Сонымен қатар, Қағидалар өндірісті оқшаулау деңгейіне байланысты ұзақ мерзімді жеткізу шарттарының мерзімдерін саралауды көздейтін 302-1 және 302-2-тармақтармен толықтырылды.

    Қағидалардың 302-1-тармағына сәйкес дәрілік заттарды ұзақ мерзімді жеткізу шартының мерзімі:

    - Қазақстан Республикасының аумағында танылған әлемнің жетекші фармакопеяларының талаптарына сәйкес келетін белсенді фармацевтикалық субстанция өндірілген жағдайда – 10 жылға дейін (3 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен);

    - көрсетілген талаптарға сәйкес келетін белсенді фармацевтикалық субстанцияны пайдалана отырып дайын дәрілік препаратты толық өндірістік циклмен шығарған жағдайда – 7 жылға дейін (3 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен);

    - белсенді фармацевтикалық субстанцияны пайдалана отырып дайын дәрілік препаратты толық өндірістік циклмен шығарған жағдайда – 5 жылға дейін (3 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен) белгіленеді.

    Қағидалардың 302-2-тармағына сәйкес медициналық бұйымдарды ұзақ мерзімді жеткізу шартының мерзімі:

    - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімнен медициналық бұйымдар өндірілген жағдайда – 10 жылға дейін (3 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен);

    - Қазақстан Республикасының аумағында ішінара өндірілген өнімнен (қаптаманы қоспағанда) медициналық бұйымдар өндірілген жағдайда – 7 жылға дейін (3 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен);

    - өзге жағдайларда – 5 жылға дейін (3 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен) белгіленеді.

    Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 248-бабының 4) тармақшасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алудың негізгі қағидаттарының бірі – отандық тауар өндірушілерді қолдау болып табылады.

    Сонымен қатар, №110 Қағидалардың 14-тармағына сәйкес, егер сатып алу лотына тек бір ғана қазақстандық тауар өндіруші қатысса, онда басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды (құны бір бірлік үшін 20 миллион теңгеден асатын және Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алынатын медициналық техниканы қоспағанда). №110 Қағидалардың 15-тармағына сәйкес, егер сатып алуға талаптарға сәйкес келетін екі немесе одан да көп қазақстандық тауар өндіруші қатысса, жеңімпаз олардың арасынан ең төмен баға ұсынған қатысушы болып айқындалады. Сондай-ақ, 2026 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістерге сәйкес, құны 2000 АЕК-тен төмен лоттар бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу мүмкіндігі алып тасталды. Нәтижесінде қазіргі уақытта фармацевтикалық өнімдердің басым бөлігі қазақстандық тауар өндірушілерге заңнамамен көзделген преференциялар берілетін тендер тәсілі арқылы сатып алынады.

    Енгізілген өзгерістер Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісін оқшаулауды ынталандыруға, отандық өндірістің үлесін арттыруға, инвестициялар тартуға және фармацевтика мен медицина өнеркәсібі саласында инвестициялық жобаларды іске асыратын өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша тетіктерін қалыптастыруға бағытталған.

    Бұдан бөлек, қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру және импортты алмастыру саясатын іске асыру мақсатында Министрлік инвесторларға мемлекеттік қолдау шараларының кешенін, оның ішінде салықтық және кедендік жеңілдіктерді, инфрақұрылымдық қолдауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қолдау шараларын ұсынуды көздейтін инвестициялар туралы келісімдер жасасу тетігін енгізді.

    Бүгінгі таңда Министрлік жалпы сомасы 391,3 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейтін 8 инвестициялық келісім жасасты. Аталған жобалар аясында 494-ке жуық дәрілік заттың атауын өндіруді ұйымдастыру және 1 200-ден астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.

    Аталған шараларды іске асыру отандық фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамытуға, өндірісті оқшаулау деңгейін тереңдетуге, инвестициялар тартуға, шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейтуге және Қазақстан Республикасының дәрілік қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

    Жүктеу
    Информация о мерах государственной поддержки частного предпринимательства
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу
    Информация о мерах государственной поддержки частного предпринимательства
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    «Цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің дербес медициналық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, қорғауды және беруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № ҚР ДСМ-30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың 1 жартыжылдығындағы қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер бойынша ақпарат

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Ақпарат

    2025 жылғы қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер бойынша ақпарат

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Ақпарат

    "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу"

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары күшейтілуде: мемлекеттік қызметшілерге заң бұзушылықтың салдары көрсетілді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрл...

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2026 жылғы I тоқсандағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі жұмысы туралы есебіне талдамалық анықтама

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Бұйрық

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2026 жылға арналған жоспарын бекіту туралы

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Бұйрық

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

    ҚР ДСМЖарияланды: