Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:
1. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жедел медициналық көмек.
2. Медициналық авиация тартылатын жедел медициналық көмек.
3. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК).
4. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек.
5. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек.
6. Стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек.
7. Медициналық оңалту.
8. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек.
9. Стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган айқындайтын қан, оның компоненттері және қан препараттары номенклатурасына сәйкес медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.
10. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезінде патологиялық-анатомиялық диагностика.
11. Қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, алу, консервациялау, дайындау, сақтау, ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) тасымалдау.
12. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту.
13. ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен:
1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жедел көмек, сондай-ақ мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек;
2) оларға қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес МСАК;
3) белгілі бір аурулары бар (күйдегі) Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда МСАК және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде қамтамасыз ету іске асырылады.